Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Норвегиялық суретші қазақстандық ардагерлерді іздестіруде

2021 жылдың 3 мамыр 2021 13:38

ОСЛА. ҚазАқпарат - Норвегияның танымал суретшісі Вебьёрн Санд Қазақстанның Ослодағы Елшілігіне хабарласып, 1944 жылы Норвегияның солтүстігін фашизмнен азат етуге қатысқан қазақстандық ардагерлерді, сондай-ақ Норвегия аумағында фашистік тұтқында болған сарбаздарды табуға көмектесуді сұрады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

Вебьёрн Санд – «Раушангүл сарайы» («Rose Castle») атты ірі өнер-ағарту жобасының жетекшісі. Кешен 2020 жылы Норвегияға нацистік шабуылдың 80 жылдығына және елдің толық азат етілуінің 75 жылдығына орай Ослода ашылды. Жоба екі негізгі тақырыпқа арналған: Норвегияның жаулап алынуы және норвег қоғамының құндылықтары – демократия, гуманизм және құқықтық мемлекет.

Кешенде 100-ден астам сүрет пен инсталляциялар қойылған. Суретшінің ардагерлермен жеке әңгімелеріне негізделген «Тарих жүздері» портреттер топтамасы ерекше орынға ие.

Суретші Норвегияны және шетелдерді аралап, қарсыласу қозғалысының мүшелерімен, фашистік режиммен күрескен сарбаздармен, 1940–45 жылдардағы Норвегиядағы соғыстың куәгерлерімен және құрбандарымен кездесті.




««Раушангүл сарайы» арт-жобасы 1944 жылдың күзінде Норвегияның солтүстігін азат етуге қатысқан Қазақстан жауынгерлеріне және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Норвегияда тұтқында болғандарға құрметі мен ризашылығын білдіреді. Біз сіздердің бастан кешкендеріңізді Норвегия халқына танымал болғанын қалаймыз», – дейді В. Санд.

Суретші Кеңес әскерінің қазақстандық ардагерлерімен жеке сұхбаттасып, оларды «Тарих жүздері» экспозициясына қосқысы келеді. Пандемияға байланысты В. Санд Қазақстанға келе алмайды, алайда онлайн режимінде байланыса алады. Сұхбат кезінде түсірілген фотосуреттер мен эскиздер негізінде суретші портрет салып, оны Ослодағы «Раушангүл сарайында» орналастырады.

Қазақстанның Ослодағы Елшілігі жұртшылықты осы жобаны қолдап, Норвегияда болған қазақстандық ардагерлерді іздеуге көмектесуді өтінеді. Жоба сарбаздарымыздың ерлігін мәңгілікке сақтап, екі ел арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтады.




Ардагерлердің суретшімен кездесуін ұйымдастыру үшін келесі адрестерген байланысқан жөн: Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігі: oslo@mfa.kz, KazakhstanNorway@gmail.com, +47 22420643; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитеті: kmi@mfa.kz, +7 7172 720685.

Сүреттерді ұсынған The Norwegian art project The Rose Castle.

Анықтама үшін: 1944 жылдың күзінде Петсамо-Киркенес операциясына 130 мыңнан астам кеңес жауынгерлері қатысты, нәтижесінде вермахт әскерлері кеңестік Арктикадан, Финляндияның солтүстігінен және Норвегияның солтүстігінен ығыстырылды. Операцияға қатысқан қазақстандықтардың саны туралы нақты мәлімет жоқ, бірақ Елшілік қаза болған 65 қазақстандықтың есімдерін анықтады.

Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде басып алынған Норвегиядағы концлагерлерде 100 мыңға жуық кеңес әскери тұтқыны болған. Норвегиядағы әскери қабірлер туралы мәліметтер базасын цифрландыру таяу жылдары ғана басталды. Бүгінгі таңда Елшілік








Басты сөздер: ҚР СІМ, Жеңіс күні,
Жоғары қарай