Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нотариаттық құпия ұғымы анықталды – Әділет министрлігі

2021 жылдың 20 сәуір 2021 13:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нотариаттық құпия ұғымы айқындалып, оны сақтауға міндетті адамдар тобы бекітілді. Бұл туралы нотариат саласындағы негізгі жаңалықтарды түсіндіру барысында ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдері өтеулі негізде және нотариаттық іс-әрекеттерге байланысты емес құқықтық сипаттағы басқа да мәселелер бойынша нотариустардың консультацияларын алуға құқылы», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда ол нотариаттық құпия ұғымы анықталғанын, сонымен қатар оны сақтауға міндетті адамдар тобы белгіленгендігін атап өтті.

«Шағымдарды республикалық деңгейде қарайтын орган заңды түрде бекітілді. Енді жергілікті жерлердегі тәртіптік комиссиялардың шешімдерімен келіспеген жағдайда азаматтарға жаңадан құрылған органға шағымдануға мүмкіндік берілді», - деді Азамат Әмірғалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылдың 1 шілдесінен бастап жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді ресімдеу кезінде эксаумақтылық тәртіп енгізілетінін айтты.



Жоғары қарай