Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

NUR.KZ Қазақстандағы ең ірі жаңалықтар бейнепорталын іске қосты

2019 жылдың 13 тамыз 2019 12:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - NUR.KZ IT-компаниясының әзірлеушілер командасы NUR TV News жаңалықтар бейнепорталын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді 30 мыңға жуық адам өз таңын бейнежаңалықтар көруден бастайды. NUR TV платформасы айына 10 млн-нан астам, ал бейнесюжеттер тәулігіне 250 мыңнан астам қаралым жинайды.

«Бейнетаспалары бар жаңалықтар материалдары пайдаланушыларға әдеттегі жаңалықтарға қарағанда көбірек ұнайды. Бұл бізді бейнежаңалықтар таспасы үздіксіз жаңартылатын жеке ресурсты құруға итермеледі», - деді NUR.KZ сайтының бас редакторы Лейла Темірханова.

Сервис айына 600 мыңнан астам бірегей пайдаланушыларды қамтиды. Бейнепортал үшін қазақстандық ТВ-арналарының ең маңызды жаңалықтары іріктеледі. NUR TV News «КТК», «31 арна», «Хабар 24», «Азаттық радиосы», «Sputnik Казахстан», «Almaty TV» және «Astana TV» компанияларымен ынтымақтасады.

Айта кету керек, бейнепортал командасы Euronews және BBC ірі әлемдік контент өндірушілерімен келіссөздер жүргізуде.





Басты сөздер: БАҚ,
Жоғары қарай