Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Nur Otan» партиясынан мәслихат сайлауына қатысатын үміткерлер белгілі болды - Ақмола

2020 жылдың 17 қараша 2020 19:10

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Nur Otan»партиясынан облыстық мәслихатына кандидаттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Nur Otan»партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі қызмет істеп жатқан депутаттардың жартысынан азы партиялық тізімге енген. Тізім шамамен 70 пайызға жаңартылды.

Өңір басшысы Ермек Маржықпаев сындарлы жұмысты жалғастыруға шақырды.

Осылайша Ақмола облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының партия мүшелері кезектен тыс ХХХІІІ конференциясында облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекітіп, 58 кандидаттың тізімін ұсынды.

Тізімде көптеген жаңа есімдер бар, бұл фракция құрамындағы елеулі өзгерістерді білдіреді. Сабақтастық сақтала отырып, бекітілген партиялық тізім бойынша қазіргі депутаттардың 31,2 пайызы қайта сайлауға барады.

Облыс әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Ермек Маржықпаев сайлауалды бағдарлама жобасы бойынша ақмолалықтардан 1300-ге жуық ұсыныстар мен пікрілер түскенін, олардың 782-сі ескеріліп, сәйкесінше аумақтық және облыстық сайлауалды бағдарламаларына енгізілгенін атап өтті.

Конференция барысында делегаттар Ақмола облысының сайлауалды бағдарламасын қабылдады, жасырын электрондық рейтингтік дауыс беру арқылы облыстық мәслихат пен Мәжіліс депутаттарын сайлауға кандидаттардың тізімін бекітті.

Облыстық мәслихаттағы партиялық тізім әр түрлі топтардан, яғни, оның ішінде көпбалалы аналар, ерекше қажеттілігі бар адамдар, азаматтық сектордың, отандастардың өкілдігінен құрылған.

Партиялық тізімнің 29,3 пайызы - шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлердің үлесінде болса, 25,9 пайызын - білім саласының өкілдері, 13,8 пайызын - ауыл шаруашылығы және басқалары құрайды.

Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор өкілдері - 8,6 пайыз, өнеркәсіп және денсаулық сақтау саласының әрқайсысы 6,9 пайыз, мемлекеттік қызметкерлер - 3,4 пайыз. Сол сияқты үкіметтік емес ұйымдардың, мәдениет және спорт саласының, партия мүшелерінің әрқайсысы – 1,7 пайызды құрайды.

Жалпы, облыстық мәслихаттың құрамы шамамен 70 пайызға жаңарады.

– Праймериздің бірінші кезеңі бойынша ең беделді үміткерлер, әр түрлі қызмет салаларының мамандары анықталды. Олар маңызды басымдықтармен, азаматтық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерімен нақты іс-қимыл бағдарламасын ұсынады және ең бастысы, азаматтардың шұғыл әлеуметтік мәселелерін шешуге, аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін жауапкершілікті алуға бірлесіп жұмыс істеуге дайын, – деп атап өтті өңір басшысы Е.Маржықпаев.


Жоғары қарай