Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Нұр-Сұлтан әкімдігі жосықсыз құрылыс салушылардың тізімін жариялады

2020 жылдың 21 мамыр 2020 11:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі қала прокуратурасымен бірлесіп Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» қолданыстағы заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін үлескерлердің қаражатын заңсыз алып, тұрғын үй кешендері жобаларын жарнамалау үшін заңды бұзған 46 құрылыс компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Жосықсыз құрылыс салушылар заңсыз түрде үлескерлердің ақшасын алып, пәтер сатып жатыр. Проблемалық нысандар мен алданған үлескерлердің пайда болуына жол бермеу мақсатымен жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты істер полицияға және прокуратураға жіберілді. Тұрғындарға пәтер алу үшін күмән келтіретін құрылыс салушыларға қаражат бермеуге, оларға сенбеуге шақырамыз. Ақпарат пен рұқсат құжаттарын мұқият тексеріңіз», - деп атап өтті қала әкімдігінде. Үлескерлердің қаражатын алуға рұқсат құжаттары жоқ құрылыс компанияларының тізімі:

- «BS Company» (Би Эс Компани«) ЖШС

-Хасенова Бибисара Закириевна

-«Шанг Хи Групп» ЖШС

- «White Gold Development« ЖШС

-«First LQ» ЖШС

-«Султан-Б» ЖШС

-«NTB Projects»ЖШС

-«International invest Company IIC» ЖШС

-«Transcapital»ЖШС

- «АстанаСтройДом» ЖШС

-«Азия» ЖШС

-«King Development» ЖШС

-«Актас-М» ЖШС

-«Viva Grand» ЖШС

-«Ast-GA» ЖШС

-Qaz Build ЖШС

-«Mainstreet» ЖШС

-«Арзан 777» ЖШС

-»Строительная компания Astana Building« ЖШС

-«Enterprise Astana» ЖШС

-«Жетісу» ЖҚ ЖШС

-«Градум Строй» ЖШС

-«Техмонтажстрой» ЖШС


Жоғары қарай