Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Нұр-Сұлтан бизнес қаласына айналады - Тимур Құлыбаев

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 20:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан бизнес қаласына айналады. Мұндай пікірді бүгін VI кәсіпкерлер конференциясында «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда адами капиталды дамыту бойынша ірі ғылым және білім орталығына айналады. Әрине, біз дайындық сапасы да елордалық мәртебеге сай болғанын қалаймыз. Бұл жерде 15 жоғары оқу орны бар. Таяуда Алтай Сейдірұлымен (елорда әкімі Көлгінов) бірге ЭКСПО базасында жаңа ақпараттық технологиялар жоғары оқу орнын ашып, онда жастарды, болашақ түлектерін көрдік», - деді ол.





Оның атап өтуінше, бүгінгі қала мүлдем басқа өлшемге ие болып келе жатыр.

«Бұған дейін шенеуніктер қаласы болса, енді ол бизнес шаһарына айналып барады. Соңғы жылдары елорда түрлене түсті. Бұл жерде мүлдем басқа инфрақұрылым, адамдар басқаша өмір сүреді. Әрине, қазіргі уақытта студенттер қосылып жатыр. Бүгінде Нұр-Сұлтанда жоғары оқу орындарының 52 мың студенті бар. Меніңше, бұл сан жыл сайын ұлғая түседі. Сондықтан бізге студенттерге қажетті барлық инфрақұрылымды жасау қажет», - деді Т.Құлыбаев.


Жоғары қарай