Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің лауазым иелері ұсталды

2021 жылдың 19 мамыр 2021 21:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті басшылығы өз араларындағы жемқорларды әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлықты жою, өз араларында тәртіп орнату, сондай-ақ халықтың сенім деңгейін арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшылығы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілерін анықтады»,-делінген полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Олар Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы және осы Департаменттің басқа да лауазымды тұлғалары болып шыққан. Қазіргі уақытта оларға қатысты тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

«Менің тапсырмам бойынша Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы департаменттің орта буын басшыларына және басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері бойынша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД бастығы Е. Сәденов.

Тергеу мүддесі мақсатында егжей-тегжейлі ақпарат жарияланбайды.


Жоғары қарай