Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының бас прокурорлары ауысты

2022 жылдың 27 мамыр 2022 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының келісімімен Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысының прокурорлары тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Өтегенов Ерлан Рахымжанұлы тағайындалды.

Ерлан Өтегенов 1997 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істеп келеді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының және Алматы қаласының прокуратураларында басшылық қызметтерді атқарды.

Алматы табиғатты қорғау прокурорының орынбасары және Алматы облысы Қарасай ауданының прокуроры, Ақмола облысының Целиноград, Егіндікөл аудандарының және Алматы облысы бойынша Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқарма бастығы болған.

2019 жылдың маусымынан бастап, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымын атқарды.

Ал, Қарағанды облысының прокуроры болып, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Мырзакеров Бауыржан Қыпшаұлы тағайындалды.

Бауыржан Мырзакеров қызмет жолын 1997 жылы Қапшағай гарнизонында әскери прокурордың көмекшісі ретінде бастаған.

Әр жылдары Шымкент, Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарында әскери прокуратураның басшылық қызметтерін атқарды.

Павлодар облысы, Бас әскери прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның заңды күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы болды.

2019 жылдың сәуірінен бастап елордалық прокуратураны басқарды.



Жоғары қарай