Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтан мен Алматыны жалғайтын автожолдың 60% салынды

2021 жылдың 25 шілде 2021 21:50

БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Елорда мен Алматы қаласының арасын жалғайтын тасжол құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында бүгінде «Орталық-Оңтүстік» дәлізі салынып жатыр. Бұл жол елорданы Алматы қаласымен жалғайды.

2019 жылы басталған жол құрылысы 6 учаскеден тұрады, оның ішінде 2 учаске, яғни «Нұр-Сұлтан-Теміртау» және «Алматы-Қапшағай» тас жолы салынып аяқталды. Қалған учаскелер бойынша жол құрылысы жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тас жол бойында 4 жолақты, 10 жолайырық, 55 малға арналған өткел, 10-ға жуық көпір және 2 темір жол өткелі болады. Жоспар бойынша жоба 2023 жылы аяқталып, халық игілігіне берілуі тиіс» , - деді «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша, тасжол құрылысына тек қана отандық материалдар қолданылып жатыр.

«Тасжолдың жалпы ұзындығы - 946 шақырым. Ол дегеніміз - «Қарағанды- Балқаш», «Балқаш-Бурылбайтал», «Бурылбайтал- Құрты», «Құрты-Қапшағай» трассаларын жалғайтын жол учаскелері. Сондай-ақ, тас жол бойында инфрақұрылымды жайғастыру жұмысы да жүріп жатыр. Бүгінде жол салу жұмысының 60% -ы аяқталды. Яғни әрбір 50-60 шақырым сайын жылы-жайлы әжетхана мен жолаушыларға арналған демалыс орындары. - дейді ол.

Бұған дейін Қазақстанда жолдың салыну барысын бақылайтын жаңа жүйе енгізіліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ ақылы автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Арман Ещанов еліміздегі ақылы болатын жаңа жол бағыттары туралы айтты.

Айта кетейік, «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы АҚ «Орталық-Оңтүстік» бағытындағы Нұр-Сұлтан – Қарағанды – Балқаш - Приозерск – Бурылбайтал - Шу – Алматы аймақтарындағы жолдардың салыну барысын таныстырып, көрсету мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды.


Жоғары қарай