Нұр-Сұлтан мен Ерейментау арасында жол жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар тасжол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
18 желтоқсан күні сағат 21:20 бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығы, яғни Нұр-Сұлтан мен Ерейментау қаласы арасындағы жолдың 16-156 шақырымдық учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Астаналық төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сенсек, көліктің барлық түріне жүруге тыйым салынған.
Жол жабылуының негізгі себебі - көктайғақ.