«Нұр-Сұлтан-Петропавл» трассасында жол апатынан адамдар зардап шекті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолында екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін СҚО-дағы Келлеровка елді мекені мен Көкшетау қаласы аралығындағы тас жолда екі көлік соқтығысты. Қатты соққыдан екі көлікке де айтарлықтай зақым келді.
«17 желтоқсан күні сағат 12.30 шамасында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 394 шақырымында «Peugeot 4007» және «Lexus IS250» автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер бар, екі жүргізуші де мас болмаған. Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді», - делінген СҚО Тайынша аудандық полиция бөлімі таратқан ақпаратта.