Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтан полицейлері 16 млн теңгенің дәрі-дәрмегі мен маскалар тәркіледі

2020 жылдың 13 шілде 2020 01:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордада жүргізілген кезекті рейд барысында медициналық препараттардың заңсыз саудасымен айналысқандар ұсталы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, Орынбор көшесінде «Фольксваген» автокөлігі тоқтатылып, оны тексеру барысында Қытайда өндірілген «Lianhua» капсуласының 165 қаптамасы тәркіленген. Бұл препаратты Қазақстан Республикасының аумағында сатуға рұқсат жоқ. Ұсталған жергілікті тұрғын препараттарды сайттардың бірі арқылы тапқанын, қала аумағында соны сатып, пайда таппақ болғанын мойындады.


«Қазіргі уақытта бұл дәрінің ел аумағына қалай кіргізілгені анықталу үстінде. Тағы бір жағдайда қаланың 33 жастағы тұрғыны Парацетамол, Ингавирин, Дексаметазон, Цефтриаксон, Лидокаин, Эуфилин, Сумамед пен Ципролет сынды тапшы препараттарды сатпақ болды. Одан бөлек, полиция қызметкерлері тағы бір азаматтан 6500 масканы тәркіледі. 8 күннің ішінде Полиция департаменті медициналық маскалар мен қорғаныс құралдарының заңсыз саудасының 36 жағдайын анықтады. Атап айтқанда, 4 500 қаптама дәрі-дәрмек, 238 500 дана маска, градусниктер, қорғаныс халаттары, костюмдер, қолғаптар, медициналық бас киімдер, көзілдіріктер, антисептиктер мен медициналық бұйымдар тәркіленді. Тәркіленген заттардың жалпы сомасы 16 600 000 теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Анықталған әрбір оқиғаға қазіргі заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі. Елорда полицейлері қала тұрғындарын белсенділікке шақырып, дәрі-дәрмекті қымбаттата немесе заңсыз сатқандар анықталса, қалалық Полиция департаментіне жүгінуге немесе 8 (7172) 71-62-91, 71-63-35, 8-747-620-57-93 (WhatsApp), 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Жоғары қарай