Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтан - Теміртау трассасын басқан судың деңгейі төмендеді

2021 жылдың 11 сәуір 2021 12:05

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының құтқарушылары жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп су тасқыны қаупі бар аудандарда жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда облыстың ТЖД қызметкерлері автожолдардың екі учаскесінде су басу жағдайларын жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Нұра ауданындағы Құндызды өзенінде (Нұра кентінің маңында) судың көтерілу деңгейі төмендеді. Оқиға орнында қорғаныс дуалдарын нығайту шаралары және өзендегі мұз кептелісін жою бойынша жарылыс жұмыстары жүргізілді. Өткен тәулікте өзеннің бес учаскесінде жарылыс жұмыстары атқарылды. Елді мекенді су басу қаупі жоқ.

Сондай-ақ «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау» автожолының 104-шақырымын басқан тасқын судың көлемі азайды. Қазіргі уақытта оның ені 60 м, тереңдігі 10 см құрайды. Аталмыш учаскеде жол жиектеріне топырақ төгу жұмыстары жүргізілді. Жол қызметтері мен жергілікті атқарушы органдардың кезекшіліктері ұйымдастырылды.

Ақтүбек және Нығман ауылдарындағы автожолдарда да су басу деңгейінің төмендеуі байқалады. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Сонымен қатар, Осакаров ауданы Қарағайлы ауылының маңындағы Қарғалы өзенінің екі учаскесінде мұз ұсату жүргізілді.



Жоғары қарай