Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда 30 градус ыстық алдағы күндері де сақталады

2021 жылдың 25 мамыр 2021 17:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы ыстық болады деп болжам жасады. Елордада ауа температурасы 30 градустан жоғары болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

25-26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы ыстық болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа келеді.

«Елдің батысында 30...39°С, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағаны күндізгі уақытта сирек байқалатын 32...38°С көрсетеді. Республиканың оңтүстік және шығыс аумағы да ыстық болады, оңтүстікте 30...40°С, шығыста 30...36°С-қа жетеді. Алайда, 27 мамырдан бастап Батыс, содан кейін солтүстік аймақтарға Батыс Еуропадан келетін антициклон әсер ете бастайды. Нәтижесінде батыс өңірлерде температураның 25...33°С-қа дейін, солтүстікте 18...28°С-қа дейін төмендейді» деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ертең, 26 мамырда елордада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 34-36 градус жылы болады.

27 мамырда оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы болады.


Жоғары қарай