Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала балконнан құлап, көз жұмды

2021 жылдың 2 тамыз 2021 22:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елордадағы көпқабатты үйлердің бірінде 4 жасар бала балконнан құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіде тараған ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департментінің баспасөз қызметі растады.

«Бүгін сағат 20.37-де полицияға Иманбаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің 8-қабатындағы балконның терезесінен 4 жасар баланың құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Онымен бірге пәтерде ата-анасы болғаны анықталды», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Сақшылардың айуынша, балалардың терезеден құлауы жаз айларында жиі тіркеледі.

«Полиция ересектерді қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауға шақырады. Қандай жағдай болса да, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, балалардың ашық терезе жанында ойнауына жол бермеңіз. Есіңізде болсын, москит торы баланың көзіне алдамшы тірек болып көрінеді. Терезеге арнайы құлпы бар тұтқаларды орнатқан жөн», - деп жазылған департаменттің дерегінде.


Жоғары қарай