Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда ақша айырбастау бекеттерінің жұмыс кестесі өзгерді

2020 жылдың 20 наурыз 2020 23:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21-25 наурыз күндері ақша айырбастау пункттері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұл туралы ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Нұр-Сұлтан қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімімен, 2020 жылғы 21-25 наурыз аралығында уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетелдік валютамен айырбас операцияларын жүзеге асыру құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00 бастап 16:00 дейін шектеледі», - делінген әкімдіктің ресми хабарламасында.


Жоғары қарай