Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтанда ашық аспан астында кино көрсетілімі өтеді

2020 жылдың 1 шілде 2020 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана күнінде тұрғындар отандық және әлемдік кинематографтың үздік туындыларын тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары 1-6 шілде аралығында қазақстандық және әлемдік фильмдерді ашық аспан астында тамашалай алады. Көрсетілім «Астана-Арена» стадионының алдында (Қабанбай батыр даңғылы бойымен) өтеді. Ұйымдастырушылар қауіпсіздік шаралары туралы да ескертеді. Міндетті түрде маска тағып, санитайзерлер қолдану және әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Kino Space аясында «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Біздің аяулы дәрігер», «Алпамыс мектепке барады», «Путь Лидера» киноэпопеясы, «Ақсақ құлан», сондай-ақ шетелдік «Джон Уик», «Приключения Питера Пэна», «Астерик и Обеликс» және т.б фильмдер көрсетіледі. Сеанстың басталу уақыты – 21:30, кіру тегін. Көрсетілімде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы мүмкіндіктер қарастырылады.

Айта кету керек, «Kino Space» кинотеатрына MEGOGO халықаралық медиа қызметі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы қолдау көрсетті. Шара барлық азаматтарға шетелдік продюсерлердің лицензияланған фильмдерін және қазақ киносының классикасын ашық аспан астында тегін тамашалауға мүмкіндік береді.


Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920