Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда азаматтық және қызметтік қару иелерін тексеріп жатыр

2021 жылдың 19 мамыр 2021 19:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атыс қаруы қолданылатын қылмыстардың алдын алу, азаматтық және заңсыз қару айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 17 мамырдан бастап қала аумағында «Қару» жедел-алдын алу шарасы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтық, қызметтік және марапат қаруы иелерін тексеру ұйымдастырылды. Тіркелмеген атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз айналымнан анықтау және тәркілеу бойынша шаралар жүргізілуде.

Алдын алу шаралараның екі күні ішінде 1 300 қару иелері тексерілді, қаруды сақтау және алып жүру тәртібін бұзудың 16 фактісі, қаруды қайта тіркеу тәртібін бұзу бойынша 14 факті анықталды. Одан бөлек, тіркелген қару айналымы талабының бұзылуына байланысты 46 қару тәркіленді.

Рейд барысында «Зеленая роща» саяжай қоғамында полицейлер 21 жастағы қала тұрғынын тоқтатты. Тексеру кезінде азаматтың күртесінің қалтасынан тапанша табылды.

Газ тапаншасының ұңғыны ауыстыру арқылы қайта жасалғаны анықталды. Бұл патрондармен жарақат салатын тапанша сияқты атуға мүмкіндік береді. Аталған факті бойынша азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабына сай қылмыстық іс қозғалды.


Басты сөздер: Қоғам, Заң, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай