Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда биыл 24 мың оқушы бірінші сыныпқа барады

2021 жылдың 28 тамыз 2021 23:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында биыл оқушы саны 205 мыңға өседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте айтты.

Онда басқарма басшысы биыл болжам бойынша оқушы саны 205 мыңға өсетінін атап өтті.

«Бірінші сыныпқа 24 мың оқушы қабылданады. Мектепке дейінгі ұйымдар күндізгі режимге көшеді. Сондай-ақ, 1 қыркүйекте мектептерде 1-сыныпқа арналған линейкалар санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Шәкәрім Сейсенбай бүгінгі таңда мұғалімдер мен ата-аналар арасында қажетті түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.

Оқушылардың ата-аналары барлық сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне немесе тікелей білім басқармасына жүгіне алады.

Айта кетейік, елордада 100-ге жуық егу пункті жұмыс істейді.

Нұр-Сұлтанда КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші компонентін 400 мыңға жуық адам алды, 325 мыңға жуық азамат толық иммундаудан өтті.

Бүгінгі таңда астаналық ұстаздардың 99,7 пайызы коронавирусқа қарсы екпе алған.

Жоғары қарай