Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда блокпостарда жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен еріктілер марапатталды

2020 жылдың 1 маусым 2020 10:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды тас жолындағы «Жібек жолы» блокпостында Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов вируспен күресуде алдыңғы шекте болып, оның таралуына жол бермеу үшін белсенді жұмыс істеген дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлерді марапаттады.

Дәрігерлер, еріктілер мен полицейлер ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев, елорда әкімі Алтай Көлгінов және Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденовтың атынан грамота және алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.




«Дәрігерлер, полицейлер мен волонтерлер бірігіп, індетпен күресе отырып, тезірек қалыпты өмірімізге оралуға көмектесті. Полицейлер мен еріктілерге ерен еңбегі үшін алғыс айтамыз. Біздің азаматтарымыздың денсаулығы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты болды. Сіздер нағыз жанашырлық пен қамқорлықтың жарқын үлгісі көрсеттіңіздер», - деді Ержан Сәденов.

Еріктілер полицейлермен бірге рейдтер мен профилактикалық шараларға қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Учаскелік инспекторлармен бірге азаматтармен кездесіп, оларға қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Дәрігерлер тәулік бойы адамдардың өмірімен арпалысып, инфекциямен алдыңғы шепте күресті. Карантин кезінде нағыз ерліктің ерен үлгісін көрсеткен полицейлер аз емес. Оның ішінде блокпостарда жүкті әйелдерді алып перзентханаларға, түрлі жарақаттармен келген науқастарды ауруханаларға жеткізген полицейлер бар. Бұған қоса, Полиция департаменті карантин режимі аяқталмады, эпидемия жойылған жоқ. Сондықтан маска киіп, санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау керегін ескертті.










Жоғары қарай