Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда есірткі сатқан адам ұсталды

2021 жылдың 28 тамыз 2021 18:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 тамызда А.Иманов көшесінде 42 жастағы қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның бұрын сотталғаны анықталды. үйді тінту кезінде 151 грамм оралған наша тәркіленді. Күдікті оны астана аумағында сатпақ болған.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

23-29 тамыз аралығында көшелер мен қоғамдық орындарда заң бұзушылық пен қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында астана аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шаралары жүргізілуде.

Шаралардың басынан бері 131 қылмыс тіркелді, олардың 98-і ашылды. Сонымен қатар бұрын жасалған 70 қылмыс анықталып, іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды.

3 мыңға жуық тұрғын үй араланды, ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3 452 адам тексерілді.


Жоғары қарай