Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда инфекция стационарларында төсек-орын саны артты

2021 жылдың 29 шілде 2021 22:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада коронавируспен жұқтырғандар санының өсуіне байланысты КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін қосымша төсектер орналастырылды.

Мәселен, ковидке қайта бейінделген екі стационарда инфекциялық төсек саны 400-ге дейін артты.

Бұған дейін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қосымша төсек-орын санын және реанимация бөлімінде 80-нен астам төсек-орын санын көбейткен еді.

Қайта бейінделген 16 ковидтік стационарда жалпы саны 4 мыңға жуық инфекциялық төсек бар.

«Реанимациялық төсек-орынның бір де біреуі бос болмаған күндер болды. Бұл біз үшін қиын кезең болды. Бақытымызға орай, пациенттер жазылып, қайтадан палатаға ауыстырылды. Дегенмен, өкініштісі, палатаға да, үйіне де орала алмаған науқастар болды. Азаматтарға екпенің маңыздылығын тағы да еске салғым келеді. Тек вакцинация өз денсаулығыңызды, сондай-ақ жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді», - деді басқарма басшысы Тимур Мұратов.

Бұған дейін Мұратов реанимация бөліміне КВИ-ге қарсы екпе алмаған пациенттер түсетінін атап өткен.

Оның айтуынша, науқастардың жағдайы 2-3 күн ішінде күрт нашарлап кетеді.

Дәрігерлер кеш болмай тұрғанда екпе алуға шақырады.

«Тек вакцинаның көмегімен сіз коронавирусты жеңе аласыз» дейді мамандар.


Жоғары қарай