Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда қанша жетім бала баспанамен қамтамасыз етілген

2021 жылдың 31 наурыз 2021 12:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазір елордада жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету көрсеткіші - 4% ғана. Шымкент пен ШҚО-да жетім балалардың 50%-дан астамы тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрғын үй басқармасының мәліметінше, 599 тұрғын үйдің 121-і жетім балаларға берілген. Заң тұрғысында алып қарағанда өте дұрыс, бірақ жетім балаларға адами тұрғыда алып қарағанда еептеуді 2271-ден бастау керек. Өйткені қазір елордадағы жетім балаларың баспанамен қамтамасыз етілуі 4% ғана. Бұл көрсеткішті тым болмағанда 15%-ға жеткізсек жақсы болар еді. Бұл мәселе басқа өңірлерде қалай шешіліп жатқанын зерттеп көрдік. Шымкент пен ШҚО-да жетім балалардың 50%-дан астамы баспанамен қамтамасыз етілген. Ол үшін әкімдік тарапынан арнайы кешенді жоспар құрылған. Бұл жұмысқа барлық мемлекеттік құзырлы органдар жұмылдырылған», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Ләззат Разбекова-Тілеуханова.

Оның айтуынша, көптеген мекеме әлдебір мәселеге қатысты сұрақ қойылғанда ол мәселе олардың құзырында емес екендігін айтады.

«Мекемелер бұл мәселені шешуді бір-біріне сілтейтіндіктен, жетімдер мәселесі сол күйінде шешілмей қалып отыр. Осы орайда барлық мекеме бірлесе жұмыс істесе, нұр үстіне нұр болар еді. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы, жастар саясаты басқармасы, тұрғын үй басқармасы бірігіп кешенді жоспар құруы қажет және жүйелі түрде әрекет етуі керек деген ұсыныс айтқым келеді», - дейді ол.


Жоғары қарай