Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда қар күреуге 1900-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды

2021 жылдың 23 қараша 2021 20:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елордада қар жауып, боран соғады. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 23 қарашада қар тазалау жұмыстарына 1000 арнайы техника мен 1871 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Қар күреу жұмысы басталғалы бері елордадан 90 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 23 қарашада Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз 0-2 градус аяз болады.

Ертеңінде күндіз синоптиктер жауын-шашын (көбінесе қар), боран, көктайғақ болады деп болжап отыр. Оңтүстік-батыстан 9-14 м / с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 8-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз термометр 0 градус шамасында болады.

25 қарашада қар, боран және көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м / с жетеді, ауа температурасы түнде және күндіз 0-2 градус аяз болады.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Ауа райы,
Жоғары қарай