Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Нұр-Сұлтанда карантин қайтадан күшейтілуі мүмкін

2020 жылдың 17 мамыр 2020 15:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі сапасын бақылау комитетінің елордалық департаментінің басшысы Зекен Исақов карантиндік шаралардың қайтадан күшеюі мүмкін екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптеген тұрғындардың маска тағу тәртібін бұзып жатқанын көріп отырмыз. Коронавирус індеті басталған сәттен бері маска тағудың маңызды екенін айтып келеміз. Оның үстіне, соңғы кездері ауру жұқтыру жағдайы жиілеп кетті. Ресми таксопарк қызметкерлері де, қоғамдық орындағы тұрғындар да маска тағу режимін ұстанбайды. Сондықтан барлық сұхбаттарымызда маска тағу қажеттігін айтып жүрміз», - деді Зекен Исақов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Сонымен бірге, спикер елордада карантиндік шаралардың күшеюі мүмкін екендігін айтты.

«Маскалық режимді ұстанбаудың ақыры бұрынғы позицияға қайта оралуға әкеп соғады. Демек, Нұр-Сұлтанда қайтадан карантиндік режимді күшейтуге мәжбүр боламыз. Бұл ең алдымен медициналық қызметкерлерге емес, тұрғындардың өз жауапкершілігіне байланысты болмақ. Санитарлық нормаларды сақтамаудың өзі карантиндік шараларды күшейтуге себеп бола алады», - деді Зекен Исақов.

Айта кетейік, бұған дейін елорда тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаса, қоғамдық көлік қызметі қайта тоқтауы мүмкін екендігі хабарланған еді.


Жоғары қарай