Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда каратэ және пара каратэден республикалық инклюзивті турнир өтті

2021 жылдың 30 мамыр 2021 17:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадаа WKF каратэ және пара каратэден 6 жастан асқан барлық жастағы спортшылардың оныншы республикалық инклюзивті турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы, Алматы облысы, Қызылорда облысынан спортшылар қатысты.

«Турнирге балалар, жастар және мүгедектіктің барлық түрі бар ересектер (арбамен жүретін, саңырау, ақыл-есі кем, БЦП, аутизм) қатысты, сондай-ақ дені сау спортшылар қатар өнер көрсетті. WKF каратэ және пара-каратэден республикалық инклюзивті турнир биыл екінші жыл өтіп жатыр. Бұрын денсаулығы жақсы балалар арасында ғана өтетін. Жарысқа 250 спортшы қатысты, соның 50-інің мүгедектігі бар. Олар каратэні жақсы көреді және айналысқысы келеді», – дейді паракаратэ федерациясының президенті Мейрамгүл Дукуева.




«Нұр-Сұлтанда паракаратэнің ката түрінен алғаш рет шығып, бірінші орын алдым. Мүгедек жандарға айтарым: үйде отырмай, спортқа келіңдер», – дейді жарысқа қатысушы Азон Шаймарданов.

Турнирдің ұйымдастырушылары: ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, «Паракаратэ федерациясы» РҚБ, WKF каратэ-до және Нұр-Сұлтан қаласының дәстүрлі жауынгерлік өнер федерациясы.





























Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай