Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда қазақ-неміс орталығы ашылды

2021 жылдың 11 қыркүйек 2021 21:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақ-неміс орталығының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Германия үкіметі Қазақстан халқына республикада тұратын этникалық немістерге көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді

Еске сала кетейік, астанада мұндай орталықты құру туралы келісімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы желтоқсандағы Германияға алғашқы ресми сапары кезінде Берлинде қол қойылған болатын.

Орталықтың қызметі Қазақстан немістерінің этникалық бірегейлігін, мәдениеті мен ана тілін сақтауға бағытталады, сондай-ақ екі елдің іскерлік қоғамдастығы үшін диалог алаңы болады.

Таспаны кесу рәсіміне ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, Германияның Федералдық Үкіметінің қоныс аударушылар мен аз ұлттар істері жөніндегі уәкілі Бернд Фабрициус, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі қоғамдық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Альберт Рау, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин және басқалар қатысты.




Бернд Фабрициус астанада неміс орталығын ашудың маңыздылығын атап өтіп, Германия үкіметінің атынан Қазақстан халқына республикада тұратын этникалық немістерге көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.




Орталықтың ашылуының бастамашысы Альберт Рау өз сөзінде: «Бұл жай орталық немесе кеңсе ғана емес – бұл неміс мәдениеті мен дәстүрлеріне қосылғысы келетіндерге толы үй болады», - деп атап өтті.

Орталықтың ашылуы мен қызметін қаржыландыруды Германия Үкіметі мен жеке демеушілер жүзеге асырады.





Басты сөздер: Мәдениет, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай