Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Нұр-Сұлтанда қазақ тарихына арналған екі кітап таныстырылды

2019 жылдың 3 шілде 2019 13:40 3164

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан» және «Степные властители и их дипломатия в XVIII-ХІХ веках» кітаптарының тұсаукесері болды. Шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалымдардың бұл еңбектерінде Қазақстанның көпғасырлық тарихи, мәдени мұрасын сақтау, терең зерделеу және ұғыну, оның өзекті кезеңдерін, халық тарихы мен ел болашағына үлкен әсер еткен бейнелер мен есімдерді ашу қажеттігі туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының идеялары жүзеге асырылған.

null 

«Бұл кітап жаһандық ғылым, әлемдік шығыстану тұрғысында қазақтардың, қазақ халқының әлемдік тарихтағы орны мен рөлін айқындауға арналған. Сонымен қатар, аталған еңбегімде көшпелі халықтардың ішіндегі қазақтардың орны мен рөлін, өзге көшпелі халықтардан ерекшеліктерін көрсетуге тырыстым», - деді «Әлемдік ориенталистикадағы Қазақстан» кітабының авторы, саяси ғылымдар докторы, профессор Мұрат Лаумулин.

null

null 

Айта кетерлігі, бұл кітапта ғалымның 30 жыл бойы тірнектеп жинаған еңбектері жинақталған.

Ал тарих ғылымдарының докторы, профессор Клара Хафизованың «Степные властители и их дипломатия в XVIII-ХІХ веках»  монографиясы қазақ мемлекеттілігін, аумақтық тұтастығы мен ұлттық бірлігін сақтау бойынша екі ғасыр ішінде Қазақ хандығы билеушілері үш ұрпағының қызметіне арналған.

 

 

Жоғары қарай