Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік жолаушылары 30 пайызға азайды

2020 жылдың 17 наурыз 2020 19:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қоғамдық көлік жолаушылары 30 пайызға азайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты күнделікті жолаушылар ағынының орташа есеппен алғанда соңғы 2 күннің ішінде 30 пайыздан астамға төмендеуі байқалады. Елорданың автобус парктерінде алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде автобустардың салонын соңғы аялдамада және бағдардың жүру уақытының соңында зарарсыздандыру, жүргізушілердің дене қызуын өлшеу және медициналық тексеру кезінде күнделікті нұсқаулықтан өткізу бар. Автобус жүргізушілеріне маскалар берілді», - деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша Үкімет тисті шараларды қабылдады.

«Бізде медициналық орталықтар, қызметкерлеріміз жоғары деңгейде қызмет көрсетуде. Әр азамат өзі мен отбасын қорғау үшін сала мамандарының нұсқаулықтарына құлақ асып, тәртіпті, жеке тазалығын сақтау қажет. Президентіміз айтқандай, біз бұл індетті күресте бірлікпен ғана жеңе аламыз», - деді қала басшысы.


Жоғары қарай