Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үй құлағалы тұр деген ақпарат - фейк

2020 жылдың 15 шілде 2020 17:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасындағы тұрғын үйлердің бірінің құлайын деп тұрғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Елорда Даму» ЖШС ресми сайтына сілтеме жасап.

Мекеме сайтының хабарлауынша, жалған мәлімет айтылған видеоны таратқан адамды анықтау үшін материал құқық қорғау органдарына табысталды.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде белгісіз адамның бейнехабарламасы тарап жатыр. Ол Уәлиханов көшесіндегі 25-үйдің шөгіп бара жатқанын және құлау қаупі төніп тұрғанын мәлімдеген.

Осыған байланысты қалалық сапаны бақылау басқармасы, тапсырыс беруші, мердігер ұйым мен қызмет көрсетуші ұйым өкілдерінен құралған комиссия 11 шілде күні тұрғын үйді қарап, тексерістен өткізді.

«Тексеру барысында құрылыстың сапасыздығы расталмады, сол себепті ғимаратқа құлау қаупі төніп тұрған жоқ» деп атап өтті комиссиядағылар.

Жалған ақпарат таратқан азаматты анықтау үшін видео құқық қорғау органдарына табысталды.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай