Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда коронавирус індетінен 8 науқас көз жұмды

2020 жылдың 27 маусым 2020 13:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус жұқтырған 1959, 1947, 1943, 1954 және 1955 жылдары туған ер азамат және 1976, 1942 және 1948 жылдары дүниеге келген әйел адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz/ сайтына сілтеме жасап.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеу жөнінде шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 158 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 53

Алматы қаласы – 26

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 13

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 2

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Солтүстік Қазақстан облысы – 2

Түркістан облысы – 8


Жоғары қарай