Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда Манас пен Шыңғыс Айтматовтың, Бішкекте Абайдың ескерткіштері ашылады

2021 жылдың 2 наурыз 2021 14:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтанда Манас пен Шыңғыс Айтматовтың, Бішкекте Абай ескерткіштері ашылады. Бұл туралы Қазақстан мен Қырғызтсан Президенттерінің бірлескен мәлімдемесінен белгілі болды.

Аталмыш құжатта қос халықтың мәдени-тарихи және тілдік ортақтығын ескеріп, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм, спорт және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін растайтындығы айтылған. Осы орайда тараптар бірлескен білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыруға ниетті екендіктерін айтты.

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Тәуелсіздіктерінің 30 жылдығын мерекелеуге орайластырылған алдағы мерейтой іс-шараларының маңыздылығын атап өтеді.

Сондай-ақ мәлімдемеде тараптарың бірлескен телевизиялық жобалар, көрмелер, фестивальдер және өзге де мәдени іс-шаралар өткізу тұрғысынан жәрдем көрсетуге, ортақ тарихи және мәдени мұраны сақтау мен ілгерілету мақсатында күш-жігер біріктіруге әзірлігі сөз болды.

«Жуық арада Абай Құнанбаевтың Бішкекте, сондай-ақ, Манас пен Шыңғыс Айтматовтың Нұр-Сұлтанда ескерткіштерін орнату туралы уағдаластықтардың ерекше мәнге ие екенін айрықша белгілеп өтеді.

Бұл мәселеге қатысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев журналистермен болған баспасөз мәслихатында: «Қазақстан мен Қырғызстанның мәдени күндерін өткізуге уағдаластық. Бішкекте Абайға, Нұр-Сұлтан қаласында Манас пен Шыңғыс Айтматовқа арналған ескерткіштер бой көтереді. Оған қоса бірегей тарихи мұраларымызды дәріптеу үшін күш-жігерімізді жұмылдыратын болдық», – деді.

Тараптар табысты келіссөздер мен сапар барысында қол қойылған екіжақты құжаттар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы достық және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға ықпал ететінін, сондай-ақ, қол жеткізілген уағдаластықтарды ойдағыдай іске асыруға ерекше мән береді»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай