Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда мас күйінде полицияға қоқан-лоқы көрсеткен жүргізушінің ісі тексеріліп жатыр

2021 жылдың 21 мамыр 2021 20:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласнының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш шара жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесуге бағытталған.

17 мамырдан басталған операция барысында полиция мас күйде көлік жүргізген 9 жүргізушіні ұстады.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау операторлары сағат 09:30-да Қорғалжын тасжолынан «BMW» автокөлігін байқаған. Көлік жүргізушісі жолда қауіпті жағдай тудырған.

Тәртіп бұзушыны ұстау кезінде Жедел басқару орталығының операторлары патрульдік полицейлердің іс-қимылын үйлестіріп, тәртіп бұзушының жүру бағытын көрсетті. Бөгенбай батыр көшесінде «BMW» маркалы автокөлік тоқтап, ішінен 32 жастағы мас жүргізуші түскен. Ер адам қоқан-лоққы көрсетіп, полицияның заңды талаптарын орындаудан бас тартқан. Патруль көлігінде болған кезде ол дөрекі сөздер айтып, бейнежазба камерасына қарап, «жазаларыңды беремін» деп полиция қызметкерін қорқытқан.

Медициналық куәландыру деректері бойынша жүргізуші орташа ауыр мас күйде болған. Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

Сот шешімімен ол қамауға алынып, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына 15 тәулікке қамалды. Сондай-ақ жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Автомашина коммуналдық айып тұрағына орналастырылды. Полицейге қоқан-лоқы көрсету фактісі бойынша тексеру жүргізілуде.

20 мамырда қала аумағында полиция қызметкерлері 500-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды анықтады. Оның ішінде 6 қоғамдық көлік жүргізушісі және жалған нөмірлері бар 1 жүргізуші ұсталды. Коммуналдық тұраққа 13 көлік орналастырылды, басқа да тәртіп бұзушылықтар үшін 28 тіркеу нөмірлік белгілер алынды.




Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, Заң,
Жоғары қарай