Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Нұр-Сұлтанда медициналық маска шығаратын кәсіпорын ашылды

2020 жылдың 10 шілде 2020 11:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында медициналық бетперделер шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында медициналық бетперде шығарумен айналысатын «Bioniсk-Pro» өндіріс ошағы ашылды. Өнеркәсіптің ашылғанына небәрі екі апта болса да, осы күнге дейін 1 миллионнан астам бетперде шығарылған.

Өндіріс орнының директоры Арон Қадыровтың айтуынша, өнеркәсіп тәулігіне 180 мың дана бетперде шығара алады. Қазіргі таңда сұранысқа сәйкес, тәулігіне 80 мыңнан 120 мыңға дейін медициналық бетперде өндірілуде. Олар қаланың дәріханалары мен емханаларына жеткізеді.

«Бетперде өндірісі автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған екі станок арқылы жүргізіледі. Бірінші станок үш матаны біріктіріп, үтіктеп, үш рет бүктеп, жиектеріне тігіс салады. Келесі станокта бетперделер арнайы өлшеммен кесіліп, құлаққа тағатын резеңкесі желімделеді. Одан кейін мамандар бетперделерді тексеріп, санап, арнайы қаптамаларға 50 данадан салып отырады», - делінген министрлік ақпаратында.








Бетперде өндірісіне арналған маталар мен резеңкелер Түркия мен Ираннан жеткізіледі. Ал станоктар Қытайдан сатып алынды. Өнеркәсіп ошағының мамандары Шанхай және Гуанчжоу қалаларына барып, осы станоктарда жұмыс істеуді арнайы үйреніп келді.

«Маскалар арнайы су өткізбейтін, сапа бақылауынан өткен маталардан жасалады және міндетті түрде үш қабатты болады. Айта кету керек, мақталы, тоқыма маталардан тігілген маскалардың қорғаныш деңгейі төмен болады. Және мұндай маскалар суланады да, микроб жинайды. Сондықтан, арнайы спанбонд, мельтблаун деп аталатын маталардан дайындалатын маскаларды пайдалану керек. Біздің үшқабатты маскалар осындай маталардан тігіледі және 92% сыртқы күштерден тыныс алу жолдарын қорғай алады», - дейді өнеркәсіп директоры.





Өндіріс орны жақында балаларға арналған бетперделер шығара бастайды.

Сонымен қатар қолданылған бетперделерді жою жобасы дайындалып жатыр.

Өндіріс көлемін ұлғайту үшін FFP2/FFPP3/KN95 респираторларының қосымша желілерін жеткізуге келісімшарттар жасалды.








Жоғары қарай