Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда «Шыңғыс хан» кітабының тұсаукесері өтті

2021 жылдың 4 маусым 2021 02:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтанда «Шыңғыс хан» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кітап авторлары – мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы Ержан Исақұлов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғалымдар кеңесінің мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Оразбай Зарипбай.

Кітапта XV және XVI ғасырларда парсы тілінде жазылған Шараф ад-дин Али Йаздидің «Зафар Нама» және Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармаларынан түркі тайпаларының пайда болу уақыты туралы жаңа мәліметтер келтірілген.




«Баршаңызды Шыңғыс хан туралы кітаптың бүгінгі тұсаукесерімен құттықтаймын! Кітапта ұлы ханның шежіресі, туған жері туралы зерттеулер, ғалымдардың топографиялық жазбалары және Шыңғыс хан мен оның жақындарының жерленген орны секілді өзге де мәліметтер көрсетілген. Айта кету керек, зерттеу барысында бүгінге дейін қазақ тілінде жарияланбаған «Жамиғат-ат тауарих» еңбегі аударылды», — деді кітаптың авторы Оразбай Зарипбай.

Іс-шараға мемлекет қайраткері, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков, қалалық Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

Тұсаукесерді «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Түркі әлемінің генезисі» және «Архив-2025» арнайы жобалары аясында ұйымдастырды.





Жоғары қарай