Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда Табиғи монополия мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес өтті

2020 жылдың 5 қазан 2020 11:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚаАқпарат - Сауда және интеграция министрлігінің қызметкерлері бейнеконференцбайланыс режимінде өткен Табиғи монополиялар мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңеске қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, к үн тәртібіндегі негізгі мәселе «Табиғи монополиялар салаларын реттеуді үндестіру мәселелері» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының кезекті кезеңінің есебіне ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұжырымдамалық ескертулерін талқылау болды.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде табиғи монополиялар саласындағы өзекті мәселелердің ашықтығын және жан-жақты қаралуын қамтамасыз ету мақсатында бұл зерттеуді «Табиғи монополиялар проблемалары институты» АВЕҰ тәуелсіз компаниясы жүргізетінін атап өткен жөн.

Тұтастай алғанда, ғылыми зерттеу жұмысының зерттеудің түпкі мақсаты ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет үшін табиғи монополиялар салаларындағы жақындасуға жататын және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Мұндай құжатты мұқият пысықтаудың маңыздылығын ескере отырып, қазақстандық тарап пікірталастарға белсенді қатысты, оның қорытындысы бойынша қазақстандық тараптың ғылыми-зерттеу ұсынымдарына бірқатар ескертпелері мен ұсыныстары ескерілді, ал ескерілмеген ескертулер бойынша Қазақстан Республикасының ерекше пікірін жазу шешілді.

Осылайша, Қазақстан тарапы жылу және электр энергиясын беру, бөлу және жабдықтау қызметтерін көрсету, теміржол қызметтері, газ тасымалдау, әуежайлар және т. б. мәселелер бойынша қағидаттық ұстанымды ұстанады.

Бұл зерттеу ұсынатын ұсыныстардың тек ұлттық егемендікке (белгілі бір қызметтерді табиғи монополиялар мәртебесінен айыру) әсер ететіндігімен байланысты.

Кеңес соңында тараптар ғылыми зерттеру жұмысы бойынша есеп жобасы тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, пысықтауды және қосымша талқылауды талап етеді деген пікірге келді. Кезекті жиналыс ағымдағы жылдың 15 қазанында өтеді.


Жоғары қарай