Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда ойын-сауық орталығында вакцинация пункті ашылды

2021 жылдың 17 сәуір 2021 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Хан Шатыр» СОО-да қала тұрғындарын КВИ-ге қарсы вакцинациялау пункті ашылғанын мәлім етті.

Қалада барлығы 55 мыңнан аса адам вакцина алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты .

«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында қала тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцина салу пункті ашылды. Осы демалыс күндері тестілік режимде СОО ұжымы вакцина алады. Ал дүйсенбіден бастап (19 сәуір) азаматтар да екпе ала алады. Вакцинация пункті гипермаркеттің жанындағы бірінші қабатта орналасқан. СОО-да вакцинациялауға ниет білдірушілерді қабылдау кестесі сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Бұған дейін вакцинация пункті «Mega Silk Way» СОО-да іске қосылды. Сондай-ақ «Keruen», «Абу-Даби Плаза» сауда, ойын-сауық орталықтары дайын. Қажет болған жағдайда қаладағы қонақүйлер де іске қосылады.

«Бүгін емханаларымызда болып, егу пункттерінің жұмысын сапалы ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар бердім. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында вакциналау пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін артты. Жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 24:00-ге дейін ұзартылды.





Сонымен қатар еңбек ұжымдарын вакцинамен қамту үшін көшпелі медициналық бригадалар құрылды. Қалада барлығы 55 мыңнан астам адам вакцина алды.

Жаппай вакцинациялау арқылы ғана ұжымдық иммунитетті қалыптастыра аламыз. Бұл өзіңізді және айналаңыздағы адамдарды қорғауға, қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді», — деп жазды елорда әкімі.








Жоғары қарай