Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды

2021 жылдың 27 ақпан 2021 17:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бастамасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіздік құрдастары жыл бойы ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға тәлімгерлік жасаумен, мүмкіндігі шектеулі балаларға тренингтер мен танымдық экскурсия ұйымдастыру сияқты қайырымдылық істермен айналысады. Сонымен қатар әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету және азық-түлік себеттерін тарату шарасы жоспарланған.

«Бүгін тәуелсіздік құрдастары атынан бірінші шараны бастап жатырмыз. Өз атымыздан 30 шақты әлеуметтік аз қамтылған отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етеміз деген ниеттеміз. Алда бұл бастаманы ары қарай дамыту ойымызда бар. Өзім өнер саласында жұмыс істегендіктеғ жағдайы төмен отбасылардағы балаларды өнерге баулуға тырысамын», – деді Ержан Сансызбаев.

Оның айтуынша «Тәуелсіздік құрдастары» деген қоғамдық қор құрылады. Қордың басты мақсаты - қайырымдылықпен айналысып, жағдайы төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек қолын созу.





Аталған қайырымдылық жобаға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының солисі, елорданың белсенді жастарының бірі Алтыншаш Мұқатаева да қатысады.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, тәуелсіздіктің құрдасы ретінде «30 игі іс» қайырымдылық жобасын қолға алдық. Біз шамамыз жеткенше көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасыларға сыйлықтарымызды ұсынбақпыз. Бұл шараны тек елорда жастары бастап отырмыз. Ендігі мақсатымыз -Тәуелсіздіктің құрдасы саналатын еліміздің өзге өңіріндегі жастарға эстафета ретінде жолдау. Тәуелсіздік мерекесі тойланып қана қоймай, қайырымды істерге, үлкен жобаларға айналса деген үмітіміз бар», – деді ол.











Жоғары қарай