Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда тіл жанашырлары марапатталды

2019 жылдың 30 қыркүйек 2019 21:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, оның ұлтаралық қатынас құралына айналуына сіңірген еңбегі үшін бір топ тіл жанашыры марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада жыл сайын қыркүйек айында қалалық тіл фестивалі жарияланып, оның аясында дәрістер, мәдени шаралар өткізіледі. Ондағы басты мақсат - рухани байлығымызды ұрпаққа жеткізу, тіл арқылы отансүйгіштікті дамыту. Ауқымды шара «Менің тілім - ұлы дала рухы» деп аталып, биыл 21-рет ұйымдастырылды. Сол шара аясында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» дөңгелек үстел отырысы, «Елтаным» рухани-танымдық жобасы, «Тіл – аманат» жалпықалалық акциясы, «Ой-зерек» интеллектуалдық тіл сайысы, «Қазақ тілін оқыту әдістемесі, болашағы мен өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференциялары ұйымдастырылды. «Азат елге аманат туған тілім» жас ақындар мүшәйрасы, «Латын графикасында оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру» семинар-курстары сынды 300-ге жуық іс-шара барлық білім ошақтарында өткізілді», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен «Менің тілім – ұлы дала рухы» ХХІ қалалық тіл фестивалінде.

Оның айтуынша, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен жыл соңына дейін қалалық мекемелердің атаулары латын графикасына ауыстырылады. Бұған әкімдік қолғабыс ететін болады.

Фестивальде «Тіл туралы» заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен Бекжан Әбдуәлиұлы және Кенжегүл Тергембаева марапатталды.

Сонымен бірге, Алдан Смайыл, Ерден Қажыбек, Әнуарбек Ералы, Нұрлан Асқаров, Арнұр Ысқақ, Алмас Сырғабай , Владислав Тен және Алексей Шегайға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің «Тіл тұғыры» құрмет марапаты табысталды.

Жоғары қарай