Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Нұр-Сұлтанда төрт автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді

2019 жылдың 25 шілде 2019 23:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тамыздың 1-і мен 10-ы аралығында елордада Керей-Жәнібек хандар көшесіндегі Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Сондай-ақ 4 қалалық маршруттың қозғалыс схемасы уақытша өзгертіледі, деп қала әкімдігінің сайты хабарлайды.

Жұмыстарды жүргізу кезіндегі өзгерістер № 18, 28, 52, 54 автобус маршруттарының қозғалыс схемасына қатысты болады.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласының ЖП әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп «Астана қаласындағы №1 жоспарлау ауданының инженерлік желілері мен жолдары (№19 көшенің оңтүстігіне қарай)» жобасын іске асыру шеңберінде жүргізеді.




Жолда кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына өз маршруттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.

Басты сөздер: Көлік, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай