Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар арасында 20 iPhone ойнатылады

2021 жылдың 29 маусым 2021 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалықтар арасында вакциналауды ынталандыру үшін демеушілік қаражат есебінен 20 iPhone12 ойнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, аптасына екі iPhone12 ойнатылады. Бұл ұтыс ойынына медициналық мекемелердің, СОО/СҮ және т.б. орындарда вакцина алғандар қатысады. Оған қатысу үшін сауалнаманы толтырудың немесе нөмір алудың қажеті жоқ.

«Жеңімпаз Birge платформасындағы кездейсоқ қызмет арқылы анықталады. iPhone12 ұтыс ойынына вакцина алған күніне қарамастан барлық адам қатысады. Вакцина алғандар бойынша ақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерімен біріктіріледі. Сервисте екпе алған адамның ID-нөмірі ғана көрінетін болады. Жеңімпазды сервис кездейсоқ түрде анықтайды. Ол Facebook пен Instagram арқылы тікелей эфирде өткізіледі», - деп жазылған елорда әкімдігінің ресми парақшасында.

IPhone12 алғашқы ұтыс ойыны 8 шілде күні өтеді. Оған 6 шілдеге дейін екпе алғандардың бәрі қатыса алады. Нұр-Сұлтан қаласында 7 шілде күні вакцина алғандар базасы дайындалады.

Елордада вакцина алғандар саны өткен апталармен салыстырғанда бес еседен аса өсті. Осылайша, вакцина алғандар саны тәулігіне 7 мыңнан асып жығылады. Бүгінге дейін барлығы 218 мыңға жуық адам екпенің алғашқы компонентін алған.

Сонымен бірге, 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өткізіледі. Бұл акцияға медициналық мекемелерде, СОО/СҮ және вакцинациялаудың өзге де пункттерінде иммундаудан өткендер қатысады.

Сол сияқты бұған дейін «MEGA Silk Way» СОО өзінің егу пунктінде вакцинаның бірінші компонентін алғандар арасында автокөлік ойнатылатынын жариялаған болатын.

Ал «Азия Парк», «Сарыарқа», «Әбу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия» СОО-ларында және басқа да сауда үйлерінде компьютерлік, тұрмыстық техника, жеңілдік купондары түріндегі түрлі сыйлықтар ойнатылып жатыр.


Жоғары қарай