Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

Нұр-Сұлтанда Жаһандық қаржылық медиа хабы құрылады

2019 жылдың 23 мамыр 2019 12:41 750

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Нұр-Сұлтан қаласында Іскерлік медиа хабын құру жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуразиялық медиа форум - бұл медиа проблемаларын талқылауға арналған қарапайым тұғырнамаға қарағана мәні жоғары шара. Бүгінде онда экономикалық, қаржылық, саяси, геоэкономикалық мәселелер талқыланады. Сондықтан АХҚО үшін бұл форумның жұмысына қатысу өте маңызды», - деді Қайрат Келімбетов Алматыда өтіп жатқан XVI Еуразиялық медиа форум аясында берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, АХҚО-ның бұл форумда өзінің жетістіктері мен жұмыс жоспарларын бөлісуіне тамаша мүмкіншілік бар.

«Жалпы, біз мемлекеттік органдармен, оның ішінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен Нұр-Сұлтан қаласында жаһандық қаржылық медиа хабын құру мүмкіншілігі тұжырымдамасын қарастырып жатырмыз. Қазірдің өзінде Bloomberg, CNN, Reuters сынды компаниялармен қатар Еуропа елдерінің, Қытайдың іскерлік медиасы бар», - деді ол.

Қайрат Келімбетов қазіргі уақытта «Астана» халықаралық қаржы орталығы жаһандық және отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен орталық туралы ақпараттарды тарату мақсатында жұмыс істеп жатқандығын айтты.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың XVI Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау жолдағанын хабарлаған едік.

 

 

 

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: БАҚ, Алматы,
Жоғары қарай