Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Нұр-Сұлтанда жұмыссыздар сұранысқа ие 18 мамандыққа оқытылады

2019 жылдың 22 қазан 2019 07:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жұмыспен қамту орталығы қысқа уақыт ішінде елордадағы жұмыссыздарды нарықтағы қажетті мамандықтарға оқыту курстарын ұйымдастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл шара нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асады.

Оқу курстары 18 мамандық бойынша қаладағы 11 оқу орнында өтеді. Биылғы жоспарға сәйкес, 913 азаматты оқыту көзделуде.

Осы уақытқа дейін олардың 742-і қамтылып, оның 346-сы оқуын аяқтап, 129-ы жұмысқа орналасқан.

Жоспарға енгізілген түзетуге сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оқыту курсына тағы 450 адамды қосу көзделіп отыр. Бұл тұрғыда ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, бағдарлама қатысушыларына 220 адам енгізілді. Олар енді 21-22 қазанда оқуға кіріседі.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес, «Атамекен қолдау орталығы» мобилді жұмыспен қамту орталықтарында 1400 азамат кеңес алып, олардың 350-і Жұмыспен қамту орталығына жүгінген.

Айта кетейік, «Атамекен қолдау орталығы» мобильді жұмыспен қамту орталықтары адам көп жиналатын жерлерде, базарлар мен вокзалдар жанында, қозғалысы көп көшелерде, халық көп шоғырланған аудандарда орналасқан.

Мобильді жұмыспен қамту орталықтары азаматтардың өтініш беру мүмкіндігін жеңілдетуге және жұмысқа орналасқан адамдардың санын арттыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі күні елордада 8 мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.

Олар: теміржол вокзалының жанында; «Тұлпар» сауда орталығы; «Встреча» сауда орталығы; «Сапар» базары; «Ұлжан» базары; «Эталон» құрылыс базары; Промышленный кенті; «Азия парк» СОО жанында орналасқан.

Жоғары қарай