Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Нұр-Сұлтандағы мектеп орталық жылыту жүйесіне қосыла алмай әлек

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 10:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр-Сұлтан адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сарапшылары арнайы мониторингтік топпен бірге елордадағы бірқатар мектепті аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

№61 мектепті орталық жылыту жүйесіне қосу жұмысы екі жыл бұрын басталғанымен, жоспар әлі күнге дейін жүзеге аспаған. Өкінішке қарай, екі жыл бұрын жылытудың құрал-жабдығын ауыстыруға міндетті болған мердігер өз қызметіне салғырттық танытқан.




Ал биыл іске кіріскен жаңа мердігер істен шыққан жабдықтарды қоса алмай әлек. Соның салдарынан 30 тамыз күні аяқталуы тиіс болған жұмыстар бір айға кешіктірілген. Тіпті, қазірдің өзінде соңғы жұмыстар әлі бітпеген. Дегенмен, білім ошағының ұжымы автономды жүйеге қосылуға үмітті.




Осы мектепке жаз соңында келген «Адалдық алаңы» сарапшылары сол кезде де аталған кемшіліктерді көріп, мердігерден өз жұмысын уақытылы бітіруді талап еткен болатын. Қоғамдық бақылау өкілдері жағдайды жіті қадағалап отыр. Жақын күндері аталған мектеп орталық жылыту жүйесіне қосылуы тиіс.




Ал №10 мектептің жағдайы мүлде басқаша. Ғимарат қысты күндері дұрыс жылымайды. Сыртын арнайы материалдармен қаптау жоспарланған. Аталған мақсатқа қалалық бюджеттен 349 млн теңге қаржы да бөлінген. Осы жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында «Адалдық алаңы» сарапшылары бұл жерде бір ай бұрын болып, құрылыстың кемшіліктерін ескерткен. Мұндағы жұмыстар алдағы аптада бітуі керек.

Айта кетейік, аталған екі мектептегі жұмыстардың барысын бұған дейін қала әкімі Алтай Көлгінов те тексеріп қайтқан болатын.


Жоғары қарай