Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанды газбен қамту жұмыстары қалай жүріп жатыр

2021 жылдың 24 қаңтар 2021 09:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Instagram парақшасында қаланы газдандыру жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қаланы газдандыру 3 кезеңнен тұрады. Қазір Көктал-2 елді мекені тұрғындарының үйлерін көгілдір отынға қосу және жұмыстарды қабылдау жүріп жатыр. Бұған дейін осы елді-мекенде ішкі желілерге газ берілді. Сонымен бірге, газ Железнодорожный елді мекеніне де беріліп, қараша айында орталықтандырылған газбен жабдықталды. Жалпы, қала ішіне 300 шақырымнан астам газ құбырлары тартылды», - дейді әкім.





Оның айтуынша, 800 үй техникалық шарттарға сәйкестік құжатына қол жеткізіп, 5 мыңнан астам адам фронт-офистерде кеңес алды. Тұрғындарға ақысыз берілетін есептегіштер қарастырылған.

«Елорданы газдандыру - Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи жобасы. Қаланы газдандыру процесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Елорданы газдандыру зиянды қалдықтарды төмендетуге мүмкіндік береді. Қаланың экологиясы жақсарады, ал бұл - тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етеді», - деп жазды Алтай Көлгінов.








Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Газ, Энергетика,
Жоғары қарай