Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұр-Сұлтанды қар басты

2020 жылдың 25 қазан 2020 11:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан елордасын қар басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы қар осы қазан айында түскен еді. Бірақ ол қар бірден еріп кетті. Өткен түнде жауған қар да ұзақ жатпайды. Себебі, термометр плюс температураны көрсетуде. Дәстүрлі түрде елордада қар жамылғысы қарашаның басы мен орта кезінде тұрақты жатады.

Жақында Қазгидромет алдағы қыс айындағы ауа райына болжамын жариялаған еді.

Таратылған мәліметке қарағанда, бүгін циклон әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын болжанады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.























Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай