Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұра өзенінде балықтың қырылу себебі анықталды

2021 жылдың 13 мамыр 2021 18:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» мамандары Нұра өзені суындағы оттегі мөлшері нормаға түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» зертханасының мамандары Ақмола облысының Төйтөбе кентінде Нұра өзеніндегі балықтардың қырылуына байланысты 8 мамыр күні өзен арнасының 3 тұсынан судан сынама алып, зерттеген болатын. Аталған сынамалар судағы аммоний мен ион мөлшерінің нормадан артқанын көрсеткен.

13 мамырдағы мәліметке сәйкес, су сынамасы норма шегіне оралған.

«Бүгін бесінші тәулік қатарынан биохимиялық талдаулар өзен суындағы оттегі мөлшері норма шегінде (0,8-1,0 мг/дм3) тұрғанын көрсетті», - деп жазылған «Қазгидромет» мәліметінде.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Экология,
Жоғары қарай