Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрбек Дайырбеков ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

2021 жылдың 19 мамыр 2021 19:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрбек Слямханұлы Дайырбеков берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Новосибирск мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау инстиутын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

2019 жылғы сәуірден қарашаға дейін — «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2019 жылғы қарашадан бастап қазірге дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.




Басты сөздер: Ауыл шаруашылығы, ҚР АШМ,
Жоғары қарай