Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Нұркен Мәзбаев «Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 23:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық маман Нұркен Мәзбаев «Тараз» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы команданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы арқылы мәлімдеді.

Н.Мазбаев 1972 жылдың 7 сәуірінде дүниеге келген. Футболшылық мансабында «Тараз», «Қайсар», «Синтез», «Жеңіс», «Достық», «Қайрат», «Тобыл» және «Ордабасы» командаларында доп тепті.

2008 жылдан бері бапкерлік қызметте «Тараз», «Оқжетпес» командалары және Қазақстан ұлттық құрамасында бапкерлер құрамында болды. 2018 жылы «Таразда» бас бапкер болса, 2019 жылдан бері «Астанада» спорттық директор қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тұран» командасына бас бапкер тағайындалғанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай