Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Нұрлан Әбдірахманов: Қаржы секторында жеткілікті өтімділік байқалды

2020 жылдың 1 қазан 2020 16:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы коммерциялық банктердің өтімділігін бизнесті кредиттеуге қайта бағдарлау бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

«Кәсіпкерлерді кредиттеуді ынталандыру үшін агенттік банктердің капиталын және өтімділігін босату мақсатында уақытша реттеушілік талаптар енгізді. Атап айтқанда, биыл 30 қыркүйекке дейін шағын және орта бизнес кредиттері және синдикатталған кредиттер бойынша тәуекел саралауды төмендету есебінен банктердің меншікті капиталын есептеуге талаптар жұмсартылды. 2021 жылғы 1 маусымға дейін екінші деңгейдегі банктер капиталының консервациялық буферіне талап төмендетілді және банктердің өтімділігі коэффициенттері бойынша талаптар жұмсартылды»,– деді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов.

Оның айтуынша,шараларды қабылдау кезінде бұл банктердің капиталын 468 млрд теңге мөлшерінде және өтімділікті 1,8 трлн теңге мөлшерінде босатуға мүмкіндік берді. Еліміздің қаржы секторында бүгінде жеткілікті өтімділік байқалып отыр.

«Экономиканы кредиттеудің өсуі үшін агенттік Ұлттық банкпен бірлесіп қосымша шаралар, оның ішінде пруденциялық реттеудің уақытша шараларын ұзарту шаралары әзірленеді. Мемлекет басшысының микрокредиттік ұйымдарды реттеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында, биыл 1 қаңтардан бастап кредиттік серіктестіктер, ломбардтар және онлайн-кредиттеу компаниялары агенттіктің реттеу аясына кірді»,– деді ол.


Жоғары қарай